Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Alash Orda Cup 2025 турнирі: METU студенті Аслан Уәлиев жеңімпаз
17 Қаңтар 2025                  6554
Alash Orda Cup 2025 турнирі: METU студенті Аслан Уәлиев жеңімпаз

13-18 қаңтар аралығында Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде студенттер мен оқушылар арасында кикбоксингтен республикалық Alash Orda Cup 2025 турнирі өтті. Турнир Қазақстан Республикасының халық қаhарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналды және еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшыларды жинап, өз шеберліктерін көрсетіп, үздік атағы үшін күресуге мүмкіндік берді.

«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының 1курс студенті Уәлиев Аслан осы беделді турнирде еліміздің жоғары оқу орындары арасында құрметті үшінші орынды иеленіп, Халықаралық Инженерлік Технологиялық Университетінің намысын қорғады.

Уәлиев Асланды лайықты марапатымен құттықтаймыз және оған оқуда да, спорттық аренада да жаңа жеңістер тілейміз!