Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының оқытушылары қалалық мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде
15 Қаңтар 2025                  3354
«Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының оқытушылары қалалық мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің  «Инженериядағы Smart технологиялар»  кафедрасының оқытушылары талапкерлерді университетке тартуға бағытталған кәсіби бағдар беру жұмыстарында белсенді қатысады.

      Кездесулерде оқушыларға оқу үдерісінің ерекше тұстары, мысалы, халықаралық жобаларға, конкурстарға және тағылымдамаларға қатысу мүмкіндіктері ұсынылады. Болашақ талапкерлер өздерінің мансаптық перспективалары туралы біле алады, қабылдау туралы сұрақтарын қойып, кәсіби дамуының негізіне айналатын мамандықты таңдай алады.