2025 жылғы
9-18 қаңтар аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде
«Инженерлік білім беру сапасын арттыру контекстіндегі оқыту модельдері мен
әдістері» тақырыбында қысқы мектеп-2025 аясында оқу-әдістемелік конференция
өтті.
Университеттің
ғылыми кітапханасында «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры,
экономика ғылымдарының докторы Миржақыпова Седеп Тоқтамұратқызы сөз сөйледі. Ол
«Ұлттық біліктілік жүйесі» тақырыбындағы баяндамасында біліктілік стандарттарын
әзірлеу мен енгізудің заманауи тәсілдерін қарастырып, олардың инженерлік білім
беру үшін маңыздылығын атап өтті.
«Экономика
және бизнес» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты
Тлеужанова Манатжан Ашимқұлқызы «Білім беру процесі мен басқарудың цифрлық
трансформациясы» тақырыбында баяндама жасады. Лекция үлкен қызығушылық тудырды,
әсіресе цифрлық технологияларды оқыту мен білім беру үдерістерін басқарудың
тиімділігін арттыру мақсатында қолдану аспектісінде.