20 ҚАҢТАРДАН БАСТАП КӨКТЕМГІ СЕМЕСТР БАСТАЛДЫ!
Университет
– тек қана дәрісханалар мен зертханалардан тұратын ғимарат емес. Бұл – білім
мен армандар тоғысқан ерекше орта, жүрегі студенттердің қуанышымен, ойымен және
сұрақтарымен соғатын жанды мекен. Студенттерсіз университет бос қаңқадай,
жансыз күйге түседі.
METU тек сабақтарды емес, студенттердің өмірлік серпінін сағынады. Ол шығармашылық шараларды, спорттық жарыстарды, достық кездесулерді аңсайды. Әрбір студенттің METU қабырғасында қалдырған ізі оның рухани тіршілігінің ажырамас бөлігі. Студенттер қайтып оралғанда, университет қайта жанданады. Ол өзіне тән өмірлік күшін қайтарып, әрбір жастың болашағына қанат бітіретін ортаға айналады. Бұл тек білім алатын мекен ғана емес, үлкен отбасы, мейірімділік пен шабыттың ордасы.
Сондықтан METU студенттерін ұзақ уақыт бойы сағынбай, олардың күміс күлкісімен және қайсар болмысымен қайта қауышатын сәттерді асыға күтеді. Өйткені студенттерсіз университеттің жаны болмайды.