Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Спорт — денсаулық кепілі: METU-дағы «Денсаулық» спартакиадасы
13 Қаңтар 2025                  6492
Спорт — денсаулық кепілі: METU-дағы «Денсаулық» спартакиадасы

2025 жылдың 9-10 қаңтарында университетімізде METU-дың педагогикалық және басқа да қызметкерлері арасында «Денсаулық» спартакиадасы өткізілді. Бұл спорт фестивалінде қызметкерлер волейбол, үстел теннисі және шахмат секілді үш спорт түрінде бәсекеге түсті.

«Денсаулық» спартакиадасы құрамаларды бір аренада жинап, олардың спорттық шеберліктерін, командалық рухын, бірлігін көрсетуге мүмкіндік берді. Волейболшылар көрермендерді тамаша ойындарымен таң қалдырды, әр сәт матчтың тағдырын шешуге мүмкіндік берді. Устел теннисі ойыншылары өз реакциялары мен шеберліктерімен жүректерді жаулап алса, шахматшылар стратегиялық ойлау мен сабырлылықтарын танытты.

Бұл іс-шара университеттің әр түрлі бөлімдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қатысушылардың әрқайсысы өзін көрсетуге және оң энергиямен қуаттануға мүмкіндік берді.

Барлық қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз және спартакиаданың тамаша ұйымдастырылғаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз! Мұндай іс-шаралардың дәстүрге айналып, METU қызметкерлері арасында спортты және денсаулықты насихаттауға ықпал ететініне сенеміз. Алдағы уақытта жаңа турнирлер мен спорттық жеңістерді асыға күтеміз!