2025 жылдың 9-18 қаңтар аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Инженерлік білім беру сапасын арттыру контекстіндегі оқыту модельдері мен әдістері» тақырыбында оқу-әдістемелік конференция сәтті өтті.
Конференция қатысушылары инновациялық технологияларды енгізу, оқыту әдістемелерін жетілдіру және студенттердің инженерлік құзыреттерін қалыптастыру бойынша өзекті мәселелерге арналған баяндамалар жасады.
Конференцияда
«Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Төлегенова А.А. «студенттермен тиімді кері байланыс ұйымдастыруға арналған
виртуалды чат-боттарды жасау» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара әрекеттестікті жақсартуға, сондай-ақ кері байланыстың жеделдігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін заманауи цифрлық құралдарды әзірлеу мен қолдануға арналды.
Конференция білім беру сапасын арттыруға және жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған тәжірибе, идеялар мен тәсілдермен алмасу алаңына айналды.