METU академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алушыларға Қазақстанның әртүрлі қалалары мен алыс-жақын шет елдерге барып білім алып, тəжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік беріп отыр.
Университетіміздің «Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Маханова Наргиз Аманкосқызы Қызылорда қаласында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 2024-2025 оқу жылының жазғы семестрінде білімін жалғастыруда. Екі университеттері арасындағы байланыс – білім алушылар үшін тамаша мүмкіндік.
Студентіміз Наргизге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде белді ғалымдарының дәрісін тыңдап, білімін жетілдіріп келуіне тілектестік білдіреміз.