Өз еліміздің тарихына қатысты құнды білімдер Кітап мұражайында сақталған!
Кітап мұражайы 2015 жылы ашылып, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында орналасқан. Мұражай қоры 13 000-нан астам кітаптан тұрады, олар ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі тарихи оқиғалар туралы баяндайды. Мұражайда сирек кездесетін кітаптар мен ежелгі қолжазбалар жинағын тамашалаумен қатар, қызметкерлердің рұқсатымен тарихи дереккөздермен жұмыс істеп, өз біліміңізді толықтыруға мүмкіндік бар!
Барлық білім алушыларды өз елінің тарихын тереңірек зерттеу үшін кітап мұражайларын, көрмелерді, галереяларды және біздің еліміз бен басқа мемлекеттердің мәдени мекемелерін өз бетінше аралауға шақырамыз.