Нашақорлық – қоғам үшін үлкен қауіп, ол тек жеке адамның ғана емес, тұтас ұлттың болашағына зиян тигізеді. Қазіргі уақытта жастар арасында нашақорлықтың таралуы жиі кездеседі, бірақ бұл проблемаға қарсы күрес өте маңызды. Білім беру мен дұрыс тәрбие арқылы жастарға зиянды әдеттерден аулақ болуды үйрету керек. Спорт, өнер, ғылым сияқты пайдалы іс-шаралар арқылы жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеу, олардың саналы таңдау жасауына көмектеседі.
Әрқайсымыздың бұл күресте өз рөліміз бар. Жастарға психологиялық қолдау көрсету, қоғамда нашақорлықтың алдын алу үшін біртұтас жүйе құру – басты мақсат. Мысалы, эдвайзерлік сағаттар кезінде студенттер мен оқытушылар осы мәселені талқылап, зиянды әдеттердің алдын алу жолдары туралы пікір алмасады. Мұндай кездесулер жастарды нашақорлықтың қауіптілігі туралы ақпараттандыруға және дұрыс шешім қабылдауға бағыттауға көмектеседі. Жастардың болашағы мен қоғамның денсаулығы үшін бұл өте маңызды қадамдар.