Есірткіге қарсы күрес жастар арасында өте маңызды, себебі олар болашақта қоғамның белсенді мүшесі болып қалыптасады. Университеттерде эдвайзерлік сағаттар барысында студенттерге есірткі мен нашақорлықтың адам денсаулығына тигізетін зияны туралы маңызды ақпарат беріледі. Бұл кездесулерде оқытушылар мен студенттер есірткі тұтынудың салдарын талқылап, зиянды әдеттерден қалай аулақ болуға болатынын біледі. Мұндай эдвайзерлік сағаттар студенттердің теріс әрекеттерге бармауына, өз өмірін дұрыс құруға бағыттайды.