METU университетінде «Таңдауың болашаққа жол ашады» атты есірткіге қарсы эдвайзерлік сағаттар аясында іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл кездесулер студенттерге нашақорлықтың зияны мен қазіргі қоғамдағы оның мәселелері туралы түсінік беру мақсатында ұйымдастырылған.
Құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар мен медицина қызметкерлері дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуде. Эдвайзерлік сағаттар барысында студенттерге есірткіге қарсы күрес пен оның алдын алу жолдары жайлы маңызды ақпарат беріледі, бұл жастарды есірткіден аулақ болуға және өз арманын жүзеге асыруға ынталандырады.