Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Эдвайзерлік сағат: Академиялық күнтізбе және практика мүмкіндіктері талқыланды
20 Қаңтар 2025                  6582
Эдвайзерлік сағат: Академиялық күнтізбе және практика мүмкіндіктері талқыланды

2025 жылғы 23 қаңтарда METU эдвайзерлерінің үйлестірушісі, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Шаймұханова Сауле Дюсетаевна ХТОВ-24-1р және БЖ-22-1р топтары үшін өткізілген эдвайзерлік сағатқа қатысты. Кездесу кестеге сәйкес 312-аудиторияда өтті. Іс-шара барысында «Биохимиялық инженерия» кафедрасының эдвайзері Дина Рыскелді 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінің жұмыс жоспарын таныстырып, студенттерді METU бағдарламасы аясында Түркияда ақылы өндірістік практикадан өту мүмкіндіктерімен таныстырды.

Кездесу барысында студенттер оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі мәселелерін талқылады. Академиялық күнтізбеге, сабақтарға 100% қатысудың маңыздылығына және жаңа студенттердің оқу ортасына бейімделуіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, университеттік базаға бекітілген «Достар Мед» емханасына медициналық тіркеу және кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында ата-аналармен өзара әрекеттесу мәселелері қарастырылды.

Эдвайзерлік сағат студенттерге алдағы семестр мен кәсіби даму мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік берді. Қатысушылар мұндай кездесулердің оқу үдерісін және мансаптық өсуді тиімді жоспарлау үшін маңыздылығын атап өтті.