Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Жаңа білім шыңдарына: Наргиз Маханова академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде оқуын жалғастыруда
22 Қаңтар 2025                  6564
Жаңа білім шыңдарына: Наргиз Маханова академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде оқуын жалғастыруда

«6В08103 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану» білім беру бағдарламасының студенті Маханова Наргиз, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы университетіне ауысып, білім алуды жалғастыруда. Бұл мүмкіндік студентке өз саласы бойынша жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға, басқа университеттердегі білім беру тәжірибесімен танысуға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге жол ашады.

Наргиздің эдвайзеріт.ғ.м., лектор Джумабекова Гульзира Шабаевна, ол студентке оқу процесінде ғылыми және кеңес беру қолдауын көрсетіп келеді.

Біз өз студенттеріміздің жетістіктерімен мақтанамыз және академиялық ұтқырлық бағдарламасы Наргизге ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласында біліктілігін арттыруға зор мүмкіндік беретініне сеніміміз мол.