«6В07103 - Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының студенті Ахметов Арсеннің ата-аналары, Айсары орта мектебінде жұмыс істейтін педагогтар, эдвайзері, техникалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Каренева Ж.А.-ның қолдауымен мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
Бұл
іс-шараның мақсаты – оқушыларды азық-түлік өндірісі саласындағы мамандықтармен,
сондай-ақ технологиялық машиналар мен жабдықтар саласындағы мүмкіндіктермен
таныстыру. Студенттер оқу процесіндегі тәжірибелерімен бөлісіп, азық-түлік
өндірісіндегі технологиялық үдерістердің маңыздылығы және заманауи өндірістегі
машиналар мен жабдықтардың рөлі туралы айтып береді.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары мектеп оқушыларына азық-түлік өндірісі саласында табысты мансап құру үшін қандай білім мен дағдылар қажет екенін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жас ұрпақты болашақ мамандық таңдауда өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес бағыт таңдауға ынталандырады.
«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасы барлық қатысушыларға кәсіби бағдар беру жұмысындағы белсенді қатысулары үшін алғыс білдіреді және жас мамандарды даярлау ісіндегі маңызды қадамдарды қолдауды жалғастырады.