Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының лекторы Қысқы мектеп - 2025 аясында үстел теннисінен чемпион атанды
23 Қаңтар 2025                  6545
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының лекторы Қысқы мектеп - 2025 аясында үстел теннисінен чемпион атанды

2025 жылдың 9-18 қаңтар аралығында Халықаралық Инженерлік-Технологиялық Университетінде Қысқы мектеп - 2025 аясында университет оқытушылары мен қызметкерлерінің Спартакиадасы өтті. Бұл шара инженерлік білім беру сапасын арттыру контекстіндегі «Оқыту үлгілері мен әдістері» конференциясымен қатар ұйымдастырылып, кәсіби және спорттық ынтымақтастыққа тамаша жағдай жасады.

10 қаңтарда үстел теннисінен турнир өтіп, оған университеттің әр кафедрасының оқытушылары белсенді түрде қатысты. Әсіресе, «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының оқытушысы Әлиасқар Мағжан Сүндетұлы ерекше өнер көрсетті. Шеберлік, табандылық және командалық рухының арқасында ол жеңіске жетіп, әріптестер арасында бірінші орынға ие болды.

Қысқы мектеп Спартакиадасы университет өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, спорт пен білімнің қатар жүріп, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыратынын көрсетті.

Әлиасқар Мағжанды лайықты жеңісімен құттықтап, кәсіби және спорттық салада жаңа жетістіктер тілейміз!