Главная Новости «Халықаралық инженерлік-технологиялық университет пен Ташкент мемлекеттік экономика университеті білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды»
22 Қаңтар 2025                  6353
«Халықаралық инженерлік-технологиялық университет пен Ташкент мемлекеттік экономика университеті білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды»

Ынтымақтастық туралы Меморандум 22 қаңтарда Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) мен Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті (ТМЭУ) арасында қол қойылды.

Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті (ТМЭУ) Өзбекстандағы экономика, қаржы, менеджмент және осыған қатысты пәндер бойынша мамандар даярлаудағы жетекші жоғары оқу орны болып табылады. Келісімнің мақсаты білім, ғылым және инновациялар саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:

• Оқу бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу және студенттерді, магистранттарды, PhD докторларын даярлау.

Ғылыми зерттеулер жүргізу және бірлескен жобаларға қатысу.

Академиялық мобильділік.

     Тараптар сондай-ақ бірлесіп ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, конференциялар мен басқа да ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісімге келді.