Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры «ЭДВАЙЗЕР САҒАТЫ: БОЛАШАҚТЫ ӨЗГЕРТЕТІН ДИАЛОГ»
27 Қаңтар 2025                  1004
«ЭДВАЙЗЕР САҒАТЫ: БОЛАШАҚТЫ ӨЗГЕРТЕТІН ДИАЛОГ»

«Биохимиялық инженерия» кафедрасының кестесі бойынша эдвайзерлік сағаттар өткізіле бастады! Онлайн және офлайн форматта, METU студенттеріне ыңғайлы болу үшін!

Эдвайзер сағаты-бұл студенттердің эдвайзермен (тәлімгермен) өзара әрекеттесуіне бөлінген уақыт, ол оқу процесін басқаруға, академиялық және жеке мәселелерді шешуге және кәсіби даму стратегиясын құруға көмектеседі.

Мұндай сағаттың мақсаты-студенттер қолдау ала алатын, сұрақтар қоя алатын және жоспарларын немесе туындайтын қиындықтарды талқылай алатын жеке немесе топтық жұмыс кеңістігін құру. Бұл студент пен университет арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ оқуға бейімделу мен табысты жақсартуға көмектеседі.

Эдвайзер сабағында көтерілген күн тәртібіндегі мәселелер:

1. Көктемгі семестрдің басында Академиямен күнтізбемен танысу

2. 100% сабаққа қатысуды қадағалау

3. Жаңа келген студентті топпен таныстыру

4. Түркияға өндірістік тәжірибе

5. Қосымша сұрақ! Әр студент оқыған мектептерге университет бойынша ақпарат беру немесе ата-аналарға кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.