Главная Новости METU-дың Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы
28 Қаңтар 2025                  523
METU-дың Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы

28.01.2025 жылы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры – академиялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Дархан Берікұлы Акпанбетовтың басшылығымен  Ресейдің жетекші университеттері Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (ЮрГУ) және Ресей биотехнологиялық университетінің (РОСБИОТЕХ) өкілдерімен маңызды кездесу онлайн форматта болып өтті.


Университеттер арасындағы ынтымақтастық бірнеше жылдан бері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында және халықаралық ғылыми конференциялар, семинарлар бірлесіп өткізу арқылы сәтті жүзеге асырылып келеді.


Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері және білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы саласындағы мүмкіндіктерін, ғалымдарды қонақ дәрістеріне тарту және қос дипломды білім беру шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелерін талқыланды.