«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының эдвайзерлері студенттер арасында «Нашақорлықтың және есірткінің таралуының алдын алу бойынша профилактикалық және ақпараттық іс-шаралар» тақырыбында эдвайзерлік сағаттар өткізді.
Кездесулердің негізгі мақсаты – студенттерге есірткінің зияны мен оның қауіптілігі туралы ақпарат беру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткімен байланысты заңсыз әрекеттердің құқықтық салдарын түсіндіру.
Эдвайзерлік сағаттар барысында оқытушылар есірткінің физикалық және психикалық денсаулыққа кері әсері туралы айтып, жастардың зиянды әдеттерге бой алдыру себептерін талқылады. Сондай-ақ, студенттерге сыртқы факторлардың ықпалынан қалай қорғануға болатыны туралы түсіндірілді. Ерекше назар есірткіні сақтау, тарату және қолдану үшін заңды жауапкершілікке тартылу мәселесіне аударылды.
Студенттерге ақпараттық материалдар ұсынылып, нақты өмірден алынған мысалдар келтірілді. Бұл олардың мәселенің маңыздылығын терең түсінуіне және дұрыс таңдау жасауына көмектесті. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар нашақорлықтың алдын алу, зиянды ортадан алшақ болу және салауатты өмір салтын ұстану жөніндегі сұрақтарды талқылады.