Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы
28 Қаңтар 2025                  6541
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы

2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Оған Үкімет басшылары мен мүшелері, сондай-ақ ел дамуының негізгі мәселелерін айқындайтын маңызды ресми тұлғалар қатысты. Жиында мемлекеттің өткен жылғы қызметінің қорытындылары сараланып, өзекті мәселелер мен жаһандық сын-қатерлер талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру және белгіленген жоспарларды сапалы әрі жауапты түрде іске асыру екенін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру, цифрлық технологияларды енгізу үдерісін кеңейту, энергетика саласын дамыту, халықтың жекелеген топтарына әлеуметтік қолдауды ұтымды ұйымдастыру, денсаулық сақтау, білім және ғылым салаларында тиімді шаралар қабылдау қажеттілігіне баса назар аударды. Атап айтқанда, заманауи мектептер салу үшін жағдай жасау, еңбек адамының беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, ғалымдардың сапалы әрі сұранысқа ие ғылыми зерттеулер жүргізуінің маңыздылығы айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойылған ауқымды мақсаттарды жүзеге асыру үшін еңбекқор әрі отаншыл мамандарды тартудың маңыздылығын атап өтті.