«Жасанды интеллект: болашаққа бастар жол» тақырыбындағы мастер-классты METU
университетінің «Робототехника және ғылыми жобалар» бөлімінің қызметкері Сагитжанов
Берік Мейрамұлы мен Жастар ұйымы комитеті ұйымдастырушылары өткізді. Іс-шараға ғылымға
қызығушылық танытқан университетіміздің студенттері, сондай-ақ профориентациялық
мақсатта халықаралық байқауларға қатысып жүрген мектеп оқушылары қатысты.
Негізгі мақсат – болашақ мамандарды жасанды интеллект саласында білім беріп, оны өз кәсіби қызметінде қолдануға үйрету. Мастер-класс барысында студенттерге екі Rosmaster роботы көрсетіліп, олардың жұмыс принциптері мен қолдану әдістері түсіндіріліп, практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік берілді.
RAI компаниясына арнайы қонақ ретінде келіп, өз тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз!