Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті Қуатова Мөлдір Жангелдіқызын Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі болып сайлануымен құттықтайды!
Бұл жоғары атақ – оның кәсіби еңбегін, ғылыми жетістіктерін және инженерлік білімнің дамуына қосқан үлесін мойындау. Біз университетімізде осындай көрнекті мамандардың жұмыс істейтініне мақтанамыз, олардың қызметі ғылым мен технологиялардың дамуына үлес қосуда.
Қуатова Мөлдір Жангелдіқызын табысты болашақ, жаңа жетістіктер және инженерлік қауымдастыққа пайда әкелетін жемісті жұмыс тілейміз!