Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры METU студенті академиялық мобильділік бағдарламасы аясында С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да білім алады
30 Қаңтар 2025                  927
METU студенті академиялық мобильділік бағдарламасы аясында С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да білім алады

METU академиялық мобильділік бағдарламасы студенттерге Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттерінде білім алу арқылы кәсіби көкжиегін кеңейтуге бірегей мүмкіндік береді.

«Электр энергетикасындағы ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Қобланов Жандос Бауыржанұлы 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде оқуын жалғастырады.

Осындай университеттер арасындағы ынтымақтастық академиялық байланысты нығайтып қана қоймай, студенттерге танымал ғалымдардың дәрістеріне қатысу, ғылыми зерттеулерге атсалысу және өзара білім алмасу арқылы құнды тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Жандосқа сәтті оқу, шабыт және ғылыми-академиялық қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз!