2025 жылдың 29-30 қаңтар күндері Халықаралық
инженерлік-технологиялық университеті Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы
Әлішер Науаи атындағы жалпы орта мектебінің және Жетісай ауданындағы Ғани
Мұратбаев атындағы №61 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен онлайн
кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге
мамандық таңдауда қолдау көрсету, университеттің білім беру бағдарламалары,
академиялық мүмкіндіктері және студенттік өмірі туралы толық ақпарат беру.
Кездесу барысында университеттің құрылымы, оның
жетістіктері, халықаралық байланыстары, академиялық ұтқырлық бағдарламалары,
ғылыми-зерттеу жобалары, кәсіби тәжірибе және тағылымдамалар, сондай-ақ
студенттік өмірдің артықшылықтары туралы мәліметтер ұсынылды. Оқушыларға
университеттің материалдық-техникалық базасы, зертханалық мүмкіндіктері және
инновациялық жобалары жөнінде ақпарат беріліп, арнайы бейнеролик көрсетілді.
Әрбір кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты
оқытушылары өздерінің білім беру бағдарламалары туралы презентациялар көрсетіп, оқушылардың сұрақтарына жауап
берді. Кездесуге қатысушылар білім беру бағдарламалардың ерекшеліктері, оқу үрдісі және
түлектердің болашақ мансаптық мүмкіндіктері жайлы толық мағлұмат алды.
Осындай кәсіби бағдар беру шаралары талапкерлердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және өз әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті талапкерлерді сапалы білім алуға және кәсіби біліктілігін арттыруға шақырады.