Спортшы және METU бірінші курсының белсенді студенті Хусаинов Равкат (Фин-24-1р тобы) өзінің туған мектебі – Алматы облысы, Талғар ауданы, Гүлдала ауылындағы №21 орта мектепте болды. Равкат туған мектебінің оқушыларымен мотивациялық кездесу өткізіп, өзінің қызықты студенттік өмірімен бөлісті және METU беретін мүмкіндіктер туралы әңгімеледі. Равкат мектеп түлектерін METU студенттерінің тату отбасына қосылуға шақырып, оқу перспективалары мен белсенді студенттік өмірге тоқталды. METU бастама көтеріп, университетті жастар арасында танымал етуге көмектесетін студенттерімен мақтанады!
Студент эдвайзері – Нұрмұхамбет Лаура Халелқызы.