METU-да 29 қаңтарда Ғылыми кеңестің 2025 жылғы алғашқы отырысы өтті. Отырыс METU ректоры Г. А. Сәрсенбекованың төрағалығымен өтті. METU ректоры Гүлнар Әлібекқызы Сәрсенбекова жаңа жылда да дәстүрді өзгертпеді: Ғылыми кеңестің отырысын жағымды нотамен бастады.
Университет ректоры Г. Сәрсенбекова Қысқы мектеп - 2025 аясында өткен «Инженерлік білім беру сапасын арттыру контекстіндегі оқыту модельдері мен әдістері» оқу – әдістемелік конференциясының үздік баяндамашыларға сертификаттар табыс етті.
Күн тәртібінде: 2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары және оқу жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар; кафедралардағы оқу-әдістемелік, ғылыми - зерттеу және жастар саясатының жай-күйі; 2024-2025 оқу жылының студенттерінің дипломдық жұмыстарының басшылары мен тақырыптарын бекіту туралы талқыланды.
Офис-тіркеуші директоры А.Алдияр Ғылыми кеңестің отырысында 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінің қорытындысы бойынша баяндама жасап, аралық аттестаттау нәтижелерін талдауға толық тоқталды.
Офис-тіркеуші директорының баяндамасындағы деректеріне сәйкес, METU студенттері сессияны негізінен сәтті тапсырды. Әр кафедрадағы үлгерімге тоқтала отырып, олардың бір бөлігі өткен жылдармен салыстырғанда өз көрсеткіштерін жақсартқанын атап өтті, бұл оң үрдісті білдіреді.
Кафедралардың барлық меңгерушілері кафедралардағы оқу-әдістемелік, ғылыми - зерттеу және жастар саясатының жай-күйіне егжей-тегжейлі тоқталып, болашаққа арналған перспективалық жоспарларымен бөлісті.
Ғылыми кеңес отырысының соңында METU ректоры Г. Сәрсенбекова барлық қатысушыларға университеттің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, жаңа 2025 жылға табыс тіледі.