Главная Новости «Еңбек адамы»: республикалық «Таң-Шолпан» журналының бас редакторы, жазушы Нұрлыбек Саматұлымен кездесу кеші өтті
30 Қаңтар 2025                  533
«Еңбек адамы»: республикалық «Таң-Шолпан» журналының бас редакторы, жазушы Нұрлыбек Саматұлымен кездесу кеші өтті

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Еңбек адамы» айдарында және METU-дың «2025 студенттік өзін-өзі басқару жылы» аясында республикалық «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, «Мәдениет саласының үздігі» Нұрлыбек Саматұлының қатысуымен кездесу кеші өтті. Кездесу барысында жазушы өзінің шығармашылық жолы, әдебиет саласындағы қызметі мен қазіргі қазақ әдебиетінің даму үрдістері туралы ой бөлісті. Студенттер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ақынның өлеңдерін оқып, жазушымен ашық сұхбат құрды. Нұрлыбек Саматұлы өз кезегінде шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірден алынған шынайы бейнесі мен оларды сомдаудағы шығармашылық үдерісі туралы баяндады. Сондай-ақ, әдебиеттегі шындық пен қиялдың үйлесімі, жазушылық шеберлік және қаламгердің жауапкершілігі туралы ой қозғап, студенттердің қызығушылығын одан әрі арттырды. Кездесудің студенттер үшін маңызы зор болды. Шығармашылық пен ғылымның сабақтастығы туралы ой өрбіткен жазушы жастарды білімге, ізденіске, әдебиетке жақын болуға үндеді. Бұл өз кезегінде студенттердің рухани дамуына ықпал етіп, болашаққа деген сенімін арттырды. Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, студенттердің танымдық көкжиегін кеңейтеді деген сенімдеміз.