2025 жылдың 28 қаңтарында Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен
2025 жылғы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті.
Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысып, мазмұнды әрі маңызды баяндамалар жасады.
Бұдан бұрын, 2024
жылдың 7 ақпанында өткен кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына
басты 10 міндет қойса, бүгінгі күнде 8 ең өзекті деген мәселені көтеріп,
кеңінен талқылады. Президент бірнеше басым бағыттарға мән беруді және аталған
бағыттардағы жұмыс нәтижелерде көрініс беруін шегеледі.
Президент жаһандық
дамудың қарқындылығы ел экономикасына тікелей әсер ететіндігіне баса назар
аудару қажеттігін атап өтті. Қоғам мен мемлекеттің дамуында цифрлық қызмет
белең алып тұрғандығын, сонымен қатар, түрлі салалардың интеграциялануы –
цифрлық прогресс болып табылатындығы дәйектеле түсті. Үкімет басшысы цифрлық
технологияны жан-жақты енгізудегі жоспарларға назар аударып, әлемдік
бәсекелестікке қабілетті мемлекет ретінде тиімді жолдар жасалуы тиіс екенін
айтты.
Президент «үнем»
мәселесін басты назарда ұстау қежеттігін кіріспе сөзінен-ақ көре аламыз. «Судың
да сұрауы бар» – деп халық даналары тектен-тек айтпаса керек. Табиғи ресурстар:
су, эллектр көзі және мемлекеттік бюджеттік шығындарға да жүйелі қадағалау
қажеттілігі айтылды.
Сондай-ақ, жиын
барысында Үкімет жұмысының басты бағыттары айқындалып, сараланды. Атап
айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту
ісін жаңа деңгейге көтеру, цифрлық технологияны
жан-жақты енгізу, энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру,
агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру, салық-бюджет саясатын реформалау,
маңызды жобаларды қаржы көздерімен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау ісін
реттеп, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласын одан әрі дамыту
жөніндегі негізгі міндеттер мен жоспарларға тоқталды.
Халықтың
әл-ауқатының, тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы және ел экономикасының даму
көрсеткіштері Үкімет пен әкімдердің тікелей жұмыстарына негізделетіндігі әрі
атқарылған істері берген нәтижелерімен айқындалатындығы айтылды.
ҚР Үкіметінің
кеңейтілген отырысында Үкімет жұмысының басты 8 бағыты
айқындалып, жауапты органдарға бұдан да
әрі жандандыру, дамыту тапсырмалары беріліп, келешекке ауқымды міндеттер қойылды.
Берілген жұмыстар алдағы бес жылда
орындалуы тиіс екендігі міндеттелді.
«Кесеге не құйсаң – соны ішесің, Көшеге не ексең – соны орасың» – деген
жолдардың мәнін Президенттің сөз соңында берген тұжырыммен үйлеседі деп есептейміз.
Дұрыс бағыттағы мақсаттарға қол жеткізе отырып, жауапты міндеттер атқару,
нәтижеге жұмыс жасау әрбір азаматтың елге деген парызы деп есептейміз!
МИТУ «Әлеуметтік-гуманитарлық
пәндер және әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.Д.
Карбозова