Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің профессорлары сертификаттармен марапатталды
29 Қаңтар 2025                  496
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің профессорлары сертификаттармен марапатталды

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің Ғылыми кеңесі отырысында «Экономика және бизнес» кафедрасының профессорлары Қысқы мектеп-2025 аясында өткен оқу-әдістемелік конференцияға белсене қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Мыржақыпова Седеп Тоқтамұратқызы – «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы.

Тілеужанова Манатжан Әшімқұлқызы – «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз және ғылыми-педагогикалық қызметінде толағай табыстар тілейміз!