2025 жылғы 30 қаңтарда Халықаралық инженерлік-технологиялық
университетінің акт залында «Шымкент қаласының туристік әлеуетін таныстыру»
тақырыбында қонақтық дәріс өтті.
Іс-шараның спикерлері Ерлан Умаров, «Visit
Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының басшысы, және Ержан Орынбасар,
кәсіби гид-экскурсовод болды. Олар Шымкенттің басты туристік нысандары, ішкі
туризмнің дамуы және өңірдің қонақжайлылық саласындағы болашағы туралы
баяндады.
Дәріс студенттердің қызығушылығын тудырып, олар туризм индустриясы, кәсіби даму мүмкіндіктері және Қазақстанда туризмді дамыту перспективалары туралы сұрақтар қойды.
«Экономика және бизнес» кафедрасы шақырылған қонақтарға мазмұнды баяндамалары үшін алғыс білдіреді және барлық қатысушыларға белсенділігі үшін рақмет айтады!