Ғылыми-инновациялық қызмет департаменті «METU Үздік жас зерттеушісі» байқауының басталғаны туралы хабарлайды.
2025 жылдың 1 ақпанынан бастап дарынды жас зерттеушілерді қолдауға, олардың ғылыми әлеуетін дамытуға және ғылыми жетістіктерді насихаттауға бағытталған байқауға қатысуға өтінімдер қабылданады.
Байқау «Бакалавриат студенттері арасындағы үздік жас зерттеуші»; «Магистратура студенттері арасындағы үздік жас зерттеуші»; «Докторантура студенттері арасындағы үздік жас зерттеуші» номинациялары бойынша келесі ғылыми бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Техникалық ғылымдар және технологиялар;
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар;
- Пәнаралық зерттеулер.
Қатысушылар:
- METU бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері
- Қатысушылардың жасы – 40 жасқа дейін
- Соңғы 5 жылдағы жетістіктері бар белсенді зерттеушілер
Қалай өтінім беруге болады?
Барлық құжаттар электронды түрде (PDF форматында) m.kuatova@metu.kz электронды поштасына қабылданады.
Жеңімпаздар дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және ғылыми қоғамдастықта марапатқа ие болады!
Байқау және бағалау критерийлері туралы толық ақпарат Ережеде берілген.
METU ресми сайтындағы жаңартуларды бақыласаңыз болады.