Біздің кафедраның «6В08103 -
Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану» білім беру бағдарламасының
студенті Аубакирова Аяулым академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Павлодар
қаласындағы Торайгыров университетінде оқуын жалғастыруда.
Аяулымның бұл тәжірибесі оған жаңа
білім мен дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ басқа университеттің оқу процесімен
танысуға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық студенттердің кәсіби дамуына,
тәжірибе алмасуына және білім сапасын арттыруға зор үлес қосады.
Біз Аяулымға сәттілік тілейміз және оның тәжірибесі кафедра студенттеріне үлгі болады деп сенеміз. Студенттерімізді академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысуға шақырамыз, себебі бұл олардың болашақ мансаптарына оң әсер етеді.