Главная Новости METU және UNIDEM білім беру орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
29 Қаңтар 2025                  571
METU және UNIDEM білім беру орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) және UNIDEM білім беру орталығы абитуриенттерді дайындау сапасын арттыру және түлектерге жаңа мүмкіндіктер ұсыну мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа METU ректоры Сарсенбекова Гүлнар Әлібекқызы және UNIDEM негізін қалаушы, бас директор Османова Сабина Махмутжановна қол қойды.

Келісім шеңберінде тараптар:

  • ҰБТ-ға дайындық деңгейін арттыру мақсатында бірлескен жұмыс жүргізеді
  • Оқушылар үшін білім беру іс-шаралары, тренингтер мен кеңестер ұйымдастырады
  • Кәсіби бағдар беру және мамандық таңдау мәселелерінде өзара әрекеттеседі

METU ректоры Гүлнар Әлібекқызы Сарсенбекова сапалы ҰБТ дайындығы түлектердің жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктерін кеңейтетінін және білім беру орталықтарымен серіктестік абитуриенттер үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын атап өтті.

UNIDEM бас директоры Сабина Махмутжановна Османова METU-мен әріптестіктің орталық түлектеріне жаңа академиялық перспективалар ашатынын және жоғары білім алуға қолдау көрсететінін айтты.

Осы меморандум аясында UNIDEM білім беру орталығының түлектері METU-де оқуға 20% жеңілдік алады.

Тараптар одан әрі ынтымақтастықты нығайту және білім беру саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жөнінде уағдаласты.

Автор: Мусақызы Ж.