Главная Новости METU ЖӘНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КОЛЛЕДЖДЕРІ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
04 Ақпан 2025                  869
METU ЖӘНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КОЛЛЕДЖДЕРІ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған Жолдауында 2025 жыл “Жұмысшы мамандығы жылы” деп жариялған болатын. 2025 жылдың 4 ақпанында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) Алматы қаласының жетекші колледждері: Халықаралық инженерлік-технологиялық университет колледжі (METU колледжі), Алматы технологиялық колледжінің (АТК), Алматы құрылыс-техникалық колледжінің (АҚТҚ), Almaty Polytechnic College, Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі (КИТИГ) директорлары мен METU басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында жаңа білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды дамытуға, сондай-ақ білім беру ұйымдары арасында тәжірибе және кадрлар алмасуға қатысты стратегиялық мәселелер талқыланды. Негізгі назар қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін жұмысшы және техникалық мамандықтар мамандарын даярлауға қойылды.


Кездесу аясында METU ректоры Г.А. Сәрсенбекова, METU колледжінің директоры М. Х. Шалабаева, АТК директоры Е. С. Карагулов, АҚТК директоры Б.С. Ахметов, Almaty Polytechnic College директоры М.А. Омарбеков, КИТИГ директоры Н. Ж. Жабықбаев колледждердің инновациялық ресурстарын құру және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бірлескен білім беру бағдарламаларын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою аясында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды:

• Білім беру бағдарламалары мен курстарын бірлесіп әзірлеу.

 Студенттер үшін тағылымдамалар мен тәжірибелерді ұйымдастыру.

 Бірлескен ғылыми зерттеулер және оқу үдерісіне инновациялық шешімдерді енгізу.

 Жастар арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу.

Ынтымақтастық туралы Меморандум сонымен қатар колледждердің зияткерлік және материалдық-техникалық ресурстарын белсенді пайдалануды көздейді, бұл студенттерге, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге жаңа мүмкіндіктер береді.

Іс-шара барысында колледж директорлары бұл келісім барлық қатысушылар үшін жаңа көкжиектер ашатынына және Алматы қаласында және жалпы Қазақстанда білім беру сапасын жақсартуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Бұл бастама білім беру мекемелерін интеграциялау, ғылым мен білім және өндірістік кәсіпорындар арасындағы байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.