Эдвайзерлер үйлестірушісі Шаймуханова Сәуле Дүйсетайқызының қатысуымен эдвайзерлік сағат
2025 жылғы 03 ақпанда «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының эдвайзерлерінің үйлестірушісі Шаймуханова Сәуле Дүйсетайқызы дүйсенбі күні сағат 13:00-де, 309 аудиторияда «Smart технологиялар инженерия» кафедрасының эдвайзері Төлегенова Ақмарал Әлібекқызымен өткен РЭТ-24-1к тобының эдвайзерлік сағатына қатысты.
Көктемгі семестрге арналған эдвайзерлік сағаттың жоспарлары, топта өткізілген іс-шаралар, пікірталастар, дөңгелек үстел, қонақ дәрістер, тақырыптар бойынша презентациялар туралы жауаптыларды тағайындау туралы талқыланды.
1. Студенттік өзін-өзі басқару қызметіне студенттерді қамту.
2. Студенттердің жатақханаларда тұру ережелерін сақтау жағдайы туралы.