18 мамыр, 2018                  1818
Ағылшын тілі жаһандану үдерістерін жеделдету факторы ретінде
2018 жылдың 17 мамырында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Т.Мадилова мен 1-курс студенті А.Қазыбекқызы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне барды. Ресми кездесу барысында ағылшын тілінің маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар студенттерге ағылшын тілін дамытуды, түрлі бірлескен іс-шараларды, білім беру бағдарламаларын және онлайн оқытуды енгізу туралы айтылды. Ағылшын тілі клубының тіл үйренудегі маңыздылығы, тәжірибе алмасудағы өзектілігі сөз етілді. Осылайша, конференцияға қатысқандардың барлығына пайдалы кеңес болды.