Халықаралық инженерлік-технологиялық университетіне 15 түрлі елден шетелдік студенттер келді. Бұл оқиға университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамытуда және көпмәдениетті білім беру ортасын қалыптастыруда маңызды қадам болды.
Шетелдік студенттерді қолдау мақсатында эдвайзерлер – университеттің оқытушылары мен қызметкерлері тағайындалды, олар оқу және тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл студенттердің жаңа білім беру ортасына тез бейімделуіне және академиялық қауымдастықта өздерін жайлы сезінуіне ықпал етеді.
Университет шетелдік студенттерді қуана қарсы алады және олардың табысты білім алуына, жаңа жетістіктерге жетуіне және қызықты студенттік өмір сүруіне барлық жағдайларды жасауға дайын!