2025 жылдың ақпан айының 4-ші жұлдызында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) ректоры Сәрсенбекова Гүлнәр Әлібекқызы, студенттік ректорлыққа кандидатурасын ұсынған үміткерлермен кездескен болатын. Аталған кездесу барысында үміткерлер жеке презентацияларын даярлап, алдағы уақытта қандай жаңартулармен қуанта алатындығы жайлы бөлісе кетті. Әрбір жаңа буын студенттерінің өзіндік ерекшелігі бар екендігі мәлім, олармен бірге жұмыла жұмыс атқаруға деген ынталарын ашық жеткізе алды.
Студенттік ректор дегеніміз – оқу орнында студенттердің мүддесін қорғайтын және студенттер мен әкімшілік арасындағы байланысты қамтамасыз ету мақсатында сайланған өкіл. Ол студенттердің мүддесін қорғайды, түрлі шараларды ұйымдастырады және университет өміріне белсене қатысады.