Главная Новости METU cирек жер металдарын өндіру технологияларын әзірлеу бойынша жобаны аяқтады
07 Ақпан 2025                  475
METU cирек жер металдарын өндіру технологияларын әзірлеу бойынша жобаны аяқтады

METU сирек жер металдарын селективті өндіру мен бөлудің жаңа әдістерін әзірлеуге бағытталған ғылыми жобаны сәтті аяқтады. Дамытылған технологиялар шикізатты өңдеу үдерісін тиімдірек, экологиялық таза және экономикалық жағынан ұтымды етуге көмектеседі.

Биохимиялық инженерия кафедрасының жас ғалымдар тобы PhD Кондауров Р.Г жетекшілігімен сирек жер металдарын жоғары селективтілікпен өндіруге мүмкіндік беретін инновациялық сорбциялық материалдар мен әдістерін әзірледі.

Бұл технология Қазақстанның гидрометаллургиялық және тау-кен кәсіпорындарында (мысалы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК және басқалары) сұранысқа ие болуы мүмкін. Алынған нәтиже кен өндіру және өңдеу кезінде құнды элементтердің жоғалуы азайту, қоршаған орта үшін қауіпсізірек болатын улы реагенттерді пайдалануын төмендету және импорттық технологияларға тәуелділігін қысқарту мақсатында өңдеу кәсіпорындары үшін ерекше маңызды болып табылады.

Қазіргі уақытта METU жас ғалымдары жаңартылған коммерцияландыру өтінімдерін дайындау үстінде, бұл технологияны нақты өндірістік жағдайда сынақтан өткізу үшін қажет. Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушылары арасында пилоттық сынақтарды өткізу бойынша әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар METU ынтымақтастыққа ашық және Қазақстанның металлургия саласына жаңа технологияларды енгізу үшін кәсіпорындарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады!

*** Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.