Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «LF company» компаниясының бас директорынан дәріс
07 Ақпан 2025                  464
«LF company» компаниясының бас директорынан дәріс

2025 жылдың 6 ақпанында «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» және «Тағам өндірісінің технологиясы және инжинирингі» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін лекция (шеберлік сыныбы) өтті. Лекцияны «LF company» компаниясының бас директоры, техника ғылымдарының кандидаты Матеев Е.З. жүргізді.  

Лекция барысында студенттер тағам өндіру технологиялары мен машина жасау саласындағы қазіргі заманауи үрдістер мен инновациялар туралы ерекше ақпарат алды. Матеев Е.З. өз тәжірибесі мен білімдерімен бөлісіп, сала дамуының перспективалары туралы айтты.  

Іс-шараның соңында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, пікір алмасты, бұл тақырыпты терең түсінуге және көзқарастарын кеңейтуге ықпал етті. Біз Матеев Е.З.-ға қызықты және танымдық лекциясы үшін алғысымызды білдіреміз және «LF company» компаниясымен одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз.