Главная Новости ҒАСЫРДА БІР ТУАТЫН ДАРАБОЗ: МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЗДЫ КЕШ
07 Ақпан 2025                  477
ҒАСЫРДА БІР ТУАТЫН ДАРАБОЗ: МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЗДЫ КЕШ

Қазақ жырының мәңгілік шамшырағы, жүректен шыққан асыл сөздері халық жадында жатталған Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы – ұлттық рухтың биік шыңы. Ақынның туған күніне орай өткізілетін бұл әдеби-сазды кеш оның шығармашылық мұрасын дәріптеп, жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруды көздейді. Кеш барысында университеттің профессор-оқытушы құрамы мен студенттері ақынның жүрекжарды жырларын тебірене оқып, Мұқағали әлеміне бойлайды. Сондай-ақ, шараға ақынның ауылдасы, зейнеткер ұстаз Тілеухан Оразханқызы Мергенбаева мен белгілі журналист Арай Жұмашқызы арнайы шақырылған. Кештің әсерлі сәттерін Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер толықтырып, жыр сүйер қауым ақын өлеңдерінің сырлы әлеміне сапар шегеді. Өнер мен әдебиеттің мерекесіне айналатын бұл рухани кешке барлық өнер мен әдебиет сүйер қауымды шақырамыз. Бірге Мұқағали жырларына терең бойлап, ақын мұрасының құдіретін сезінейік!