Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры М.Макатаев мұрасына креативті көзқарас: студенттер поэзия әлемінде
06 Ақпан 2025                  585
М.Макатаев мұрасына креативті көзқарас: студенттер поэзия әлемінде

Инженериядағы смарт технологиялар кафедрасының студенттері қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған апталыққа белсенді қатысуда. Бұл шара студенттердің шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына ықпал етуді көздейді.

Апталық барысында студенттер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, әдеби талқылаулар, шығармашылық байқаулар және интерактивті жобалар арқылы Мұқағали мұрасын жаңа көзқараспен таныстыруда.

Студенттердің белсенділігі мен креативті идеялары поэзия мен технологияның үйлесімді байланысын көрсетіп, Мұқағали Мақатаевтың өшпес мұрасын дәріптеуге тың серпін беруде.