Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Бағдарламалық инженерия кафедрасының 100 студенті Мұқағали Мақатаевтің өлеңдерін оқудан челленджге қатысты
10 Ақпан 2025                  700
Бағдарламалық инженерия кафедрасының 100 студенті Мұқағали Мақатаевтің өлеңдерін оқудан челленджге қатысты

Ұлы қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Бағдарламалық инженерия кафедрасының 100 студенті ақынның өлеңдерін оқу челленджіне қатысты. Шара университет қабырғасында ұйымдастырылып, тек студенттер ғана емес, профессор-оқытушылар құрамының да назарын аударды.

Челлендждің мақсаты  Мақатаевтың шығармаларымен терең танысу. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, өлеңдерді оқуға дайындалып, кейін кезекпен аудиторияларда оқыды. Кафедра оқытушылары да шараны қолдап, студенттер арасында шығармашылық көзқарас пен ұлттық мұраны құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.

Ұйымдастырушылар бұл сияқты бастамалар жастарға тек ұлы жазушылардың шығармаларымен танысуға ғана емес, сонымен қатар ана тілін және әдебиетті терең түсінуге мүмкіндік беретінін айтты.