Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» поэзия кеші жанға жайлы, үйдегідей атмосферада өтті!
06 Ақпан 2025                  514
«Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» поэзия кеші жанға жайлы, үйдегідей атмосферада өтті!

6 ақпанда университетіміздің жатақханасында «Экономика және бизнес» кафедрасының ұйымдастыруымен жылы да шынайы поэзия кеші өтті. Қатысушылар ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың жүрекке жылы тиер өлеңдерін оқып, әсерлерімен бөлісті, шығармашылығын талқылап, ақынның сөзіне жазылған әнді орындады.

Кешке СГД кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Котошева Кайни Кенжетаевна және қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Шаймуханова Сауле Дюсетаевна қатысты.

Осындай кештер әдеби мұрамызды сақтауға, рухани байлығымызды дәріптеуге және студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі. Баршаңызға алғысымызды білдіреміз!