Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры «БИОХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫНЫҢ АШЫҚ САБАҒЫ
10 Ақпан 2025                  545
«БИОХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫНЫҢ АШЫҚ САБАҒЫ

«Биохимиялық инженерия» кафедрасының оқытушысы, қауымдастырылған профессор, PhD Нокербекова Назым Қыдырханқызы «Өсімдіктер биотехнологиясы» пәні бойынша «Клондық микрокөбейту әдісін қолдану және оның болашағы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Клондық микрокөбею  бұл бастапқы материалдың аз мөлшерінен генетикалық жағынан бірдей клондардың көп мөлшерін алатын in vitro жағдайында өсімдіктердің вегетативті көбею әдісі. Бұл әдіс биотехнологияда, ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығында және сәндік өсімдік шаруашылығында кеңінен қолданылады.

Клондық микрокөбейту әдісі заманауи биотехнологияда маңызды рөл атқарады және ауыл шаруашылығына, медицинаға және қоршаған ортаны қорғауға жаңа мүмкіндіктер ашатын белсенді дамуды жалғастыруда.