07.02.2025 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қазақстанда теңдесі жоқ Farabi Robotics Hub орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шараға Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарынан студенттер мен сарапшылар жиналды. METU студенттері де осы айтулы оқиғаға қатысып, робототехника әлеміндегі соңғы жетістіктермен танысты.
Іс-шара барысында KUKA брэндінен алынған заманауи роботтар демонстрацияланды. Студенттер роботтардың жұмыс істеу принциптері, қолдану салалары мен даму болашағы туралы сұрақтар қойып, кәсіби мамандардан жауап алды.
METU университеті мен Farabi Robotics Hub алдағы уақытта бірлескен жобалар мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруға ниетті.
Автор: Мусақызы Ж.