METU университетінің өкілдері Ақтау қаласындағы New Format High School бітіруші сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында студенттерге жоғары білім беру мүмкіндіктері, мамандықтар және университетке түсу шарттары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Оқушылар METU университетінің академиялық бағдарламаларымен, білім беру ерекшеліктерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, олар университеттің тәжірибелік бағдарламалары мен оқу үдерісінің артықшылықтары туралы білді.
Автор: Мусақызы Ж.