Ақтау қаласындағы Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде METU университетінің өкілдері бағдарламалық инженерия мамандығы бойынша бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттер жоғары білім алудың мүмкіндіктері, академиялық бағдарламалар мен университетке түсу шарттары туралы кеңінен мағлұмат алды.
Шара аясында METU мен колледж арасындағы болашақ серіктестік мәселелері қозғалды. Тараптар өзара ынтымақтастық орнату туралы ой бөлісті.
Автор:Мусақызы Ж.