Главная Новости METU өкілдері Ақтау қаласындағы №7 орта мектеп түлектерімен кездесті
10 Ақпан 2025                  383
METU өкілдері Ақтау қаласындағы №7 орта мектеп түлектерімен кездесті

Ақтау қаласының Мұнайлы ауданындағы №7 орта мектептің бітіруші сынып оқушылары үшін METU университетінің өкілдері кәсіби бағдар беру кездесуін ұйымдастырды. Бұл шара болашақ түлектерге жоғары білім алудың маңыздылығы мен мүмкіндіктері туралы толыққанды ақпарат беруге бағытталды.

Кездесу барысында METU университетінің мамандықтары, білім беру бағдарламалары және оқуға түсу шарттары таныстырылды. Оқушылар университеттің артықшылықтары, оқу үрдісі мен студенттік өмір туралы қызықты мәліметтер алды. Сонымен қатар, университеттің тәжірибелік білім беру әдістері мен халықаралық серіктестіктері жөнінде ақпарат берілді.

Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби бағыт бойынша кеңестер алды. METU түлектеріне ұсынылатын мүмкіндіктер, тәжірибелік сабақтар мен болашақтағы еңбек нарығындағы сұраныс жайлы пікір алмасты.

Автор: Мусақызы Ж.