2025 жылдың 11 шілдесінде Ақтау қаласында "Білімді Келешек I" халықаралық білім көрмесі өтті. Бұл шара білім беру саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға және жоғары оқу орындары мен талапкерлер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университет (METU) көрмеге белсенді қатысып, талапкерлер мен олардың ата-аналарына оқу бағдарламалары, университеттің мүмкіндіктері және оқу процесінің ерекшеліктері туралы кең ақпарат берді. Университеттің халықаралық серіктестік бағдарламалары, инновациялық зерттеу жобалары және студенттерге арналған қолдау жүйелері де таныстырылды.
METU өкілдері қатысушылармен тікелей сұхбаттасып, білім алудың маңызы мен еңбек нарығындағы трендтер туралы түсінік берді. Шара барысында талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, университетке түсу шарттары туралы нақты ақпаратпен танысты.
Автор: Мусақызы Ж.